Мәскеудегі теракт кезінде онда оқып жүрген қазақстандық азаматтар жапа шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде.
Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты", - деп жазды министр Телеграм арнасында.