Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Мәскеуде жеке концерт беріп, толы зал жинады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында видео жариялап, «Мәскеу, рахмет!» деп қысқа ғана жазба қалдырды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Azattyq Rýhy жазуынша, Мәскеулік тыңдармандар әншіні ыстық ықыласпен қарсы алған.
Жарияланған видеодан көрермендердің концерт залына лық толғанын көруге болады. Тыңдармандар Қайраттың әрбір әнін бірге айтып, қолдау білдіріп отырды. Әнші де әр репертуарын жан-тәнімен орындап, шынайы эмоция сыйлады.
Желі қолданушылары пікір қалдырып, жылы лебіздерін жеткізді:
«Нағыз аңыз!»
«Қайрат Нұртас – ең үздік әнші!»
«Дауысы керемет, Мәскеу сізді жақсы көреді!»
Қайрат Нұртастың жанұясы қуанышты жаңалығын бөлісті:
Бұған дейін Қайраттың жары – актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлаған. Ол әлеуметтік желіде жеке өміріндегі өзгерістер туралы жазып, жақсылықтың нышаны ретінде қабылдағанын жеткізді.