Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеу полиция бөлімінде терактіге қатысы бар деп танылған күдікті қайтыс болды

11:28, 02 сәуір 2024 802

Крокустағы лаңкестік әрекеттен кейін ұсталған Шешенстанның тумасы Асхаб Успанов Мәскеу полиция бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz сайты 1ADAT телеграм арнасына сілтеме жасап.

  • Успанов әйелінің жұмыс орнына бара жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталғанын баяндады. Кейін әйеліне қоңырау шалып, бөлімшеге келуін өтінген.
  • Успановтың әйелі полицияға екі сағаттан кейін барған. Барлығы кеш еді, себебі күйеуі бөлімшеде қайтыс болған.
  • Асхаб Успанов Шешенстанда жерленген. Анасының айтуынша, оның Крокустағы терактіге қатысы болуы мүмкін емес еді.

1ADAT телеграм каналы сәл өзгеше деректерді ұсынады:

  • Терактіден кейінгі түні Успанов аялдамада тұрған сәтінде оған бетперде киген адамдар шабуыл жасаған. Олардың қандай адамдар екенін түсінбегендіктен қарсылық көрсеткен.
  • Кейінірек олар құқық қорғау органының қызметкерлері екені белгілі болды. Олар Успановты лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұстап әкеткен.
  • Жауап алу кезінде құқық қорғау органдары азаптау фактісін қолданған. Оған дәлел, Успановтың қабырғалары мен омыртқасы сынған, сонымен қатар оның денесінде гематома белгілері анықталды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар