Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маскадағы жігіт кім: Қайырымды адам тағы да ауыр диагнозы бар жанға баспана сыйлады

09:17, 25 наурыз 2025 1211

Маскадағы қайырымды адам 36 жастағы Әділжан есімді ДЦП диагнозымен ауыратын жанға баспана сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.

“Менің атым – Әділжан.  36 жастамын. Менде ДЦП диагнозы бар. Мешіттің қасында сауда жасаймын. Болашақта дүкен ашып, оны дамыту жоспарымда бар. Бұрын өзімді ешкімге керек емес сезініп, қатты қиналатынмын. Ал қазір олай емес, тек өзімді бар болмысыммен қабылдағаным үшін алғыс айтамын”, – дейді ол.

Бетперде киген жұмбақ қайырымды жан ер адамға көмек көрсетті.

“Сіз емделуге барасыз, умраға барасыз, өз дүкеніңізді ашасыз, сондай-ақ баспаналы болдыңыз”, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар