Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз»: Олжас Бектенов Нұрлыбек Нәлібаевқа маңызды тапсырма берді

12:30, 25 тамыз 2026

Премьер-министр Олжас Бектенов өзінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жылыту маусымына дайындық барысын қатаң бақылауда ұстап, өңірлердегі жағдай туралы апта сайын баяндап отыруды тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов білім беру және денсаулық сақтау нысандарының алдағы жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымның дайындығын қатаң бақылауды тапсырды.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етсін. Оқу-ағарту, Ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алсын. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлер бойынша барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлер 15 қазанға дейін жылуды іске қосуға толық дайын болуға тиіс. Менің тапсырмам бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары барлық өңірлерді аралап, оның ішінде жылыту маусымына дайындық барысын да тексеріп келді. Нұрлыбек Машбекұлы, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап, әр апта сайын өңірлердегі жағдай туралы маған баяндап тұрыңыз», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар