Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мас күйінде бортсеріктерге шабуыл жасаған” - Ұшақтағы сұмдық оқиғаға қатысты ел естімеген дерек шықты

15:30, 30 желтоқсан 2025

Астанадан Новосібірге бағыт алған Qazaq Air әуе компаниясының ұшағында бортсеріктерге шабуыл жасаған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жанжалға әуе кемесі қызметкерлерінің жолаушыға спирттік ішімдік сатудан бас тартуы себеп болған. Мас күйдегі әйел стюардессаларға күш көрсетіп, олардың денсаулығына зақым келтірген. Ұшақ межелі жерге қонған бойда бұзақылық жасаған азаматша полиция өкілдеріне тапсырылды.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша, айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Сонымен қатар, сот оны пробациялық бақылауға алып, зиянды әдеттерден міндетті түрде емделуге міндеттеді. Материалдық өтемақы ретінде сотталушы зардап шеккен екі бортсеріктің әрқайсысына бір миллион теңгеден, жалпы сомасы 2 миллион теңге моральдық шығын төлейтін болды.

Жолаушы сот залында өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар