Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Марқұм Шерзат Полат пен Нұрқанаттың, Қаржаубайдың үстінен қылмыстық іс қозғалсын!: Сотталушының адвокаты мәлімдеме жасады

17:00, 02 маусым 2025 833

Сотталушының адвокаты судьядан өмірде жоқ Шерзат пен Нұрқанаттың үстінен іс қозғауды сұрады, деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот жарыссөзінде сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаттары сөйледі.

Адвокат Алмас Мырқасымбаев өз қорғауындағы сотталушы Дидар Қалиахметке айыптау үкімі дәлелін таппады деп, оны ақтауды сұрады.

Ал екінші адвокаты Гаухар Баймұханова төбеелес кезінде пышақ, мылтық алып шыққандар жәбірленушілер екенін айта келе жаңаша қылмыстық іс қозғауды өтінді.

- Дүкеннен пышақты бірінші болып алып шыққанын ескере келе, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды өтінемін, – деді ол.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар