Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мақпал Жүнісова, Дастан Оразбеков, Әлия Әшім, Азат Сейітметов…»: Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

15:35, 21 мамыр 2026

Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматыдағы «Ұлттық өнер» ЖШС директоры Татьяна Бурмистрова «Отан» орденімен, ал белгілі әнші Мақпал Жүнісова ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталса, актриса Марина Ганцеваға ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені табысталды. Сонымен қатар Бахтияр Қожа, Нина Макарова және Азат Сейітметовке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді. Бұдан бөлек, Расул Жармағамбетов бастаған бірқатар өнер иелері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанса, Салтанат Әбілханова, Римма Ким және Оңайгүл Тұржан «Парасат» орденін иеленді. Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін түркиялық саясаткер Кюршад Зорлу ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталса, Дилмурат Бахаров, Дастан Оразбеков, Аян Өтепберген сынды танымал тұлғалар «Құрмет» орденіне, ал Әлия Әшім мен Нұржас Сәдірбаев бастаған бір топ азаматтар «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарына лайық деп танылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар