Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Манипуляция": Блогер Жанқош Тұраровқа "қыз зорлады" деп тағылған айыптың астарында не жатқанын айтты

10:50, 26 тамыз 2024 1074

Блогер Қуаныш Еділхантегі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа "қыз зорлады" деп тағылған айыптың астарында не жатқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы

"Күз келді ме, бәтір-ау, неге тоңдым"- деп Абай атамыз айтпақшы, кеше аздап қызуладым ба, телефон қарауға зауқым соқпады. Бүгін қарасам осы қалай дегендердің көбі бір зорланған әйел туралы жазып кетіпті. Мен де Бішімбаев сотына ұқсас әлгі жарнамаға өз үлесімді қоспай-ақ қояйыншы деп әдеттегідей елеусіз қалдырып едім, тағы бір видео еріксіз назарымды аударды - әлгі" зорланған" әйел ыржалаңдап, сұхбаттың жалғасын көргілерің келіп отыр ма, кәзір...(кішкене депалып алайын, шәй ішіп алайын... т.с.с) дееп отыр. Түрі зорлық көріп, ұяттан өртеніп, моральдық азап шегіп отырған адамға ұқсамайды. Яғни анық манипуляция. Билік халық назарын басқа нәрсеге аударғысы келеді. Мүмкін АЭС құрылысы, мүмкін басқа бірдеңе... Қазақтар, өздеріңізді манипуляция жасауға жол бермеңіздер! Жетер!  Бірақ менің жазылмандарым ондай бос әңгімелерге құмар емес деп үміттенемін. Шамамыз келгенше осындай пайдасыз тақырыптардан аулақ жүруге тырысайық", деп жазды блогер өзінің Facebook парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров бүгін яғни 26 тамыз өзіне тағылған айыпқа қатысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, баспасөз конференция өткізбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар