Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәйітті солай шығаратын еді: Келінді терезеден кіргізген ене елді шулатты

09:15, 20 тамыз 2024 872

Әлеуметтік желіде егіздердің үйлену тойынан видео тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Sn.kz  сайты таратқан Видеода егіздердің отау құрып жатқанын көруге болады. Бір күнде екі келін түскен соң бірі — есіктен, енді бірі — терезеден кіреді.

 Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Көпшілік мұндай салт қазақта жоқ екенін жарыса жазып жатыр.

«Бұл қазақтың салты емес. Киіз үйде терезе жоқ қой», «Үшем үйленсе, үшіншісі мұржадан кіре ме?», «Мәйітті солай шығаратын еді, кешіріңіз», «Екеуі де есіктен кірсе болмай ма?», «Бұрында киіз үйде қайткен? Терезесі жоқ қой», «Көпқабатты үйде тұрса қалай болады екен?», «Негізі қос келінді тойдың арты үзілмесін деп бірінен кейін бірін қатарласа кіргізеді. Ал бір үйден екі мәйіт шықса, арты қатарласпасын деп біреуін терезеден шығарған», — деп жазды желі қолданушылары. 

Бүгінде видео миллионға жуық қаралым мен екі мыңнан аса пікір жинап үлгерген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар