30 қыркүйекте Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойында билет дауы туындады, деп жазады Alash.kz.
Әлеуметтік желілерде белгілі әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдары Чемпиондар лигасы матчының билеттерін қайта сатқан деген айыппен қызу талқыланды.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Нұрлан Еспановтың ұлы билеттерді 500-600 мың теңгеге дейін қойғаны айтылса, ал Сәкен Майғазиевтің ұлы шамамен 350 мың теңгеге билет ұсынғаны жайлы ақпарат шыққан.
Осы мәселеге байланысты Мәжіліс кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен түсініктеме сұрады.
«Бұл ақпаратты алғаш рет сіздерден естіп отырмын. Егер ресми түрде шағым түссе, міндетті түрде тексеру жүргізіледі және заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деді Әділов.