Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маған қысым жасап жатыр: Сәкен Мамаш әйеліне қайтадан тиісіп, қоқан-лоққы көрсеткен

13:00, 25 наурыз 2025 1247

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Госман күйеуі қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Карина Госманның сөзінше, ол күйеуі Сәкен Мамашпен наурызда бетпе-бет кездескен. 

- Мен көп үндемей жүрдім, бірақ барды бар деп айтамын. Сәкен балалармен кездесуге қатысты сотты жеңді, сот оны ата-ана құқығынан айырған жоқ. Ол балалармен айына екі рет кездесе алады. Бұған дейін кездескенінде мен балаларды әкеліп бердім, ол кездесуден кейін балалар қайтадан жұмысқа әкеліп беретін. Осы айда бірінші рет бетпе-бет кездестік. Наурыздан бері күнде жылайтын болдым. Себебі ол менің өзімді кінәлі сездіріп жатыр. Сот болатыны, түрмеге отыратыны анық қой. Бірақ осы уақытқа дейін кешірім сұрап, “Карина, менің түрмеге отырғанымды қаламайсың ғой? Мен түрмеге отырсам балаларға не айтасың?” деп манипуляция жасап жатыр. Балалар оның маған қол көтергенін, қандай жағдай болғанын бәрін өз көзімен көрді, дейді Карина. 

Сонымен қатар, Сәкен Мамаш Каринаға және пәтерді балаларының атына жазып беретінін айтқан. 

- Соны сылтауратып, маған 16 миллион төледім деген қағазға қол қоюымды талап етті. Бірақ маған ешқандай да ақша төлеген жоқ. Яғни қазір не пәтер жоқ, не 16 миллион да жоқ. Сонымен қатар, егер мен құжаттарға қол қойып, татулассам, “маған ештеңе болмайтынын” айтты, дейді Карина. 

Карина Госман Сәкен Мамаш ұсынған құжаттарға қол қоймағанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар