Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Маған бәрібір". Әйелін соққыға жыққаны хабарланған дипломат заңнан еш сескенбейтінін айтқан

12:40, 12 мамыр 2024 764

Сәкен Мамаштың жұбайы көп жылғы азабына қатысты жантүршігерлік жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді. Астана полициясы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Сәкен Маман өз әйелін үнемі ұрып, азаптады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Карина Мамаш КТК арнасына қазіргі жағдайын айтты және жарының бассыздығы жайлы пікір білдірді:

- Мен қазір өзімді қауіпсіз сезінемін. Менің жанымда балалар, анам, әпкем бар. Менде жақсы жағынан өзгерістер бар Көптеген жылдар бойы қорқынышпен өмір сүрдім. Ешқайда бармадым. Оның кейбір туыстары менің қиналып жүргенімді білді. Жиені менің мұрнымды тігу үшін ауруханаға апарды. Әрине, олар менің артық ештеңе айтпауымды бақылап отырды. Мен кетемін деп айтқан жоқпын. Мен істің насырға шапқанын айтып, оған ескерту жасадым. "Егер сіз мені ұруды тоқтатпасаңыз, сізді түрмеге отырғызады" дедім. Ол күлді де, "маған пофиг" деді, - деп айтты Карина Мамаш.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған болатын.

"10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын", - дейді әйел видеода.

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді. Ал 9 мамырда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 315