Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне (LRT) жаңа ресми атау беріледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Елорда әкімдігі бұл нысанды «Тарлан Астана» деп атауды жоспарлап отыр. Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабектің сөзіне сүйенсек, талқылау барысында «Сұңқар» және «Лашын» сияқты бірнеше нұсқа қарастырылған. Алайда арнайы отырысқа қатысушылар ортақ мәмілеге келіп, таңдауды «Тарлан Астана» атауына тоқтатқан.
«Тарлан» атауы еліміздің тарихи атауымен тығыз байланысты. Ол «Ер Тарғын» жырындағы батыр Ер Тарғынның тұлпарымен, сондай-ақ, кейбір деректерде Қобыланды батыр мен Исатай Тайманұлының сәйгүліктерімен байланыстырады. Қазақ дүниетанымында «Тарлан» сөзі «еркіндік, жылдамдық, күш-қуат, тектілік және сенімділік» сияқты қасиеттерді білдіреді. Осыған байланысты, «Тарлан» атауы – ұлттық болмысты, қозғалыс пен серпінді дамуды айшықтайтын мазмұнға ие.