Айналасын лаңкестік жасауға үгіттеген Қазақстанның екі азаматы сотталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Комитет дерегінше, Тараз тұрғыны айналасындағы адамдарды нығарлап, шетелдегі лаңкестер қатарында соғысуға шақырған.
Өзі де шетелде лаңкестік әрекетке баруға талпынған.
Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал екіншісі - алматылық. Оның бұрын бірнеше рет соттылғаны анықталды. Ол ғаламторда радикалды идеологияны насихаттаған.
Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жалпы, жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.