Дағыстанның Махачкала қаласында хоррор-квестте өрт шықты. Түтін торлап, адасқан азаматардың жағдайы белгілі болды. Салдарынан шыққан 19 жастағы Асия есімді азамат қаза тапты. Марқұмның күйеуі ауруханадан шығып, сойқан оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Жағдай жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы.SHOT арнасына сілтей отырып жазды.
Ақпаратқа сәйкес, 20 жастағы Саид өрт басталған кезде ол досымен бірге бөлменің басқа бөлігінде, ал қыздар қайғылы жағдай болған бөлікте болған. Бәрі түтінге оранған кезде досы бірінші болып жол тауып, Саидқа айғайлап, даусына қарай жол тауып шығуға шақырады. Жігіт досының арқасында қашып, сыртқа шыққан. Өрт кезінде ішіндегі қыздарды табу мүмкін болмаған. Тұтас түтін торлағаны өз алдына, бөлмелердің лабиринттей реттелгені де жағдайды қиындата түсті.
Көшеге шыққан Саид өрттің шығуына себеп болған аниматорды (құтқарушы мамандығы бойынша оқып жүрген 18 жасар Шамильді) көреді.
Жәбірленушінің айтуынша, қызметкер әлі де қыздарды құтқармақ болған: ол противогаз киіп, Саидпен бірге жанып жатқан бөлмеге кірген, бірақ 15 секундқа жетпей қайтадан сыртқа қашып кеткен.
Нәтижесінде келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қыздарды тозақтан алып шықты. Зардап шеккендер кейін ауруханада көз жұмды.
Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігі квестке келушілердің бірі көмірқышқыл газынан уланып, екіншісі күйіктен қайтыс болғанын хабарлады. Ал Саид денесінің 50 пайызын күйік шалып, ауруханаға түсті.
20 жастағы Саид бес күн бұрын ғана отау құрған 19 жастағы жары Асияттан айырылып қалды.
Айта кетейік, өрттің тұтануына аниматордың салғырттығы себеп болған. Сценарий бойынша қыздардың қолына кісен салынған. Сосын квест-аниматор атмосфера сыйлау үшін қолғапқа бензин құйып, оны өртеп жіберген. Бөлмеде жұмыс істеп тұрған электр арасының сымына тамшылар түсіп, өрт тез тарап, барлық бөлмеге жайылған.