Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күнделікті пайдаланатын 19 л судың ең қауіпті тұсы анықталды

13:32, 14 маусым 2024 1887

Кулердегі суды күнделікті ішудің зияны бар ма? Бұл туралы Alash.kz тілшісі анықтап көрді.

Су диспенсерлері 2008 жылдардың басынан бастап Қазақстан кеңселерінде, спортзалдарда, ауруханаларда және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің қабылдау бөлмелерінде күнделікті қолданысқа айналды. Тек суды суытып қана қоймай, бөтелкедегі суды ысытатын да қасиеті бар. Кеңсе қызметкерлерінің шәйнектерден бас тартып, шай немесе кофені кулерден ыстық сумен қайнатуына себепкер болды.

Бөтелкедегі судың ең үлкен зияны - парадоксалды су құйылған пластик бөтелкенің өзінде жатыр. Бұл полиэтилен (ПЭТ) бөтелкелеріне де, поликарбонат бөтелкелеріне де қатысты. Тазалық тек су өндірушілерінің өз міндеттеріне адал қарауына байланысты. Қазақстан  нарығындағы бөтелкедегі су өндірушілері арасындағы бәсекелестік көп. Сондықтан шығындарды азайту үшін өндірушілер көбіне сапасыз пластикті пайдаланады.

Айта кететін жайт, полиэтилен ыдысында суды ұзақ сақтауға болмайды.

Соңғы уақытта жүргізілген бірқатар зерттеулер полиэтилентерефталаттың (ПЭТ) жеке компоненттері судың құрамына түсуі мүмкін екенін көрсетеді.

Жаңа бөтелке болған жағдайда, әсіресе поликарбонаттан жасалған бөтелкелерді қолдану да өте қауіпті. Ресейлік ғалымдар, соның ішінде А.Н. Сысин атындағы адам экологиясы және қоршаған орта гигиенасы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары поликарбонаттан бөлінетін зиянды қоспалардың суға түсетінін анықтады.

Ең қауіптісі - бисфенол. Бұл бөтелке жасауда поливинилхлоридті қолданған жағдайда болады.

Әрине, сапалы пластиктің өзін де 100% қауіпсіз деп айта алмаймыз. Кулерге ең арзан суды сатып алмаңыз, тек тексерілген, сертификаты бар жеткізушілерге сенім артқан жөн!

Пластикалық ыдыстарды қолдану қоршаған ортаның ластануына әкелетінін ұмытпау керек: «Бөтелкедегі су әр адамға жылына шамамен 10 кг қалдық қосады», - деп хабарлайды Франция экология министрлігінің сайтында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар