Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қабылданған бағдарлама алдағы үш жылда несиенің арзандауына сеп болады, деп хабарлайды Alash.kz порталы Qazaqstan.tv-ге сілтеп.
Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары осылай дейді. Келесі жылы ипотекалық кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25-тен 20 пайызға дейін төмендейді. Арнайы әдістеме жасақталмақ. Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарнаға қарай әркелкі белгіленуі мүмкін.
Бұдан бөлек жалақы көлемі де өседі. Жыл сайын екі есе көтеріледі деген болжам бар. Бірақ бұл әрине әр мемлекеттік мекеме Үкіметте жүктелген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындаса ғана мүмкін болады, - деп мәлімдеді.