Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Украина үкіметіне талап қойып, бірқатар аймақтардан бас тарт деп үгіттемекші

18:48, 20 қараша 2025 198

Трамптың жаңа жоспарына қатысты болжам айтылды. Ақпаратқа сәйкес, Украина Ресейге Донбасс аймағын беріп, Запорожье мен Херсон облыстарындағы майданды тоқтата тұру керек, деп хабарлайды  Alash.kz порталы.

Егер Украина бұл аймақтардан бас тартса, АҚШ пен Еуропа қауіпсіздігіне кепіл болмақ.

Украина Ресейге елдің шығысындағы аумақтарды тапсырып, Қарулы күштерінің санын азайтып, кейбір қару-жарақтан бас тартуы керек.

Мұндай талаптар Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысын аяқтау үшін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің жаңа жоспарында қамтылған. 

Бұл туралы 19 қараша, сәрсенбіде бірқатар батыс бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда Reuters агенттігі және Axios порталы жазды.

Reuters жазуына қарағанда, Ақ үй Украина президенті Владимир Зеленскийге талап қойып, Киевтің АҚШ ұсынған 28 тармақтан тұратын жоспарын қабылдау керек деп түсіндірген.

Трамп әкімшілігінің жобасында төрт аспект бар: Украинадағы бейбітшілік, қауіпсіздік кепілдігі, Еуропадағы қауіпсіздік және Вашингтонның Мәскеумен және Киевпен қарым-қатынасының болашағы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар