Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасына қатысып, сұхбат берді, алдағы қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Медеу Арынбаев келер жылы ұлын үйлендірмекші.
Әнші сұхбат барысында ұлының өз сүйген қызы бар екенін жеткізді, ата-ана ретінде олардың шешіміне толықтай құрметпен қарайтынын айтты:
«Келер жылы ұлымды үйлендірмек ойымыз бар. Қол ұстасып жүрген қызы бар. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі біледі. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым: “Ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар” деп айтып жүремін. Ең бастысы – бақыттары баянды болсын», – деді Медеу Арынбаев.