Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күнде ұрады, басымнан тебеді: Шағымданған сарбаз арызы қаралмаған

15:11, 14 мамыр 2024 2872

"Әскерге 6 ай бұрын барғандар күнде ұрады, басымнан тебеді" деп Азаттыққа шағымданған сарбаз Сапархан Қауынбайдың арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтап қалды. Бұл туралы Азаттық радиосы зерттеді.

Сарбаз арызында Ұлттық ұланның Алматы облысындағы №3660 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген бірнеше адамды атап, олар "ақша сұрайды, басымнан ұрады, сейілге шыққанда қалаған затын алып келуді бұйырады" деген.

Тергеуші Әділет Айдарбаевтың айтуынша, сарбаздың әскерде әлімжеттік көргеніне дәлел жоқ. 

 "Cарбаз Қауынбай арызында көрсеткен адамдардың бәрінен жауап алынды. Бәрі айыпты жоққа шығарды. Сапархан Қауынбайдың сөзіне куә табылған жоқ. Бөлімдегілердің бәрі оны біреудің ұрғанын көрген жоқпыз, білмейміз деп отыр" деді тергеуші Азаттыққа.

Сарбаздың әкесі Ғани Алтаев тергеу барысын бақылай алмағанын айтты. Әскери тергеу басқармасы "бала кәмелетке толған" деп әкесін тергеуден шеттеткен. Алтаев бұған наразы болған.

"Адвокат жалдауға қаражатым болмады. Мені тергеуден әдейі шеттетіп тастады. Баланың өзі әскерде жүр. Сол үшін бұл істі ешкім бақылай алмады. Балама да, маған да тергеудің тоқтап қалғанын кеш айтты. Оған тіпті тергеу барысы баяндалмаған" деді Алтаев Азаттыққа.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар