Атышулы блогер Айжан Байзақова өзінің Instagram-дағы парақшасында күйеуімен бірге мешітке барған сәтін жариялады, – деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz-ке сілтеп.
«Алланың рақымына апаратын махаббат – махаббаттың төресі. Түзу жолға жетелейтін жандарды сүйіңіз. Айтпақшы, мені Жаратушыға жақындатқан – Нұрбек», – деп ағынан жарылды блогер.
Желі қолданушылары оны қолдап, жақсы жар жақсылыққа жетелейтінін жарыса жазды.
«Мықты ердің жанында кез келген әйел гүлдене түседі», «Айжан өзгеріп, сүюге, қорғауға тұрарлық келіншекке айналды», «Сізге орамал сондай жарасады», – деп жазады пікір білдірушілер.