Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күйеуі күдікті»: Жаңаөзендегі жеті баланың анасының жантүршігерлік қазасы туралы белгілі болды

11:36, 30 қаңтар 2026

Жаңаөзен қаласында 29 қаңтар күні ауыр қылмыс орын алып, жеті баланың анасы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 44 жастағы әйел алған пышақ жарақатынан көз жұмған.

Қайғылы жағдайға ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Қазіргі таңда күдікті ретінде марқұмның күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Артында қалған жеті баланың бесеуі - кәмелетке толмағандар. Құқық қорғау органдары аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар