Бұған дейін қоғам белсендісі, «Шопан-ата» ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы төрағасы Алмасбек Садырбаевтың ұсталғаны туралы жаздық.
Бүгін Садырбаевтың не үшін тұтқындалғаны туралы журналистер Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиден сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Е.Бапи "Бұл азаматқа қоғамдық белсенділігіне байланысты қарсы әрекет жасалып жатыр ма деген күдігім бар. Бірақ үлкен көлемде айып айтылып отырғандықтан, алдын ала бірдеңе айтуға келмейді. Бұл зерттелуі керек, зерделенуі керек" дейді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбайдың "аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкерелегенін хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, ол өзі басқаратын адамдар тобымен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында “жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды” деген күдікке ілінген.