Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залындағы теракт кезінде қаза тапқандар саны 115-ке жетті.
Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.
Теракт болған оқиға орнында үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде қаза тапқан адамдардың денесі табылған.
Осылайша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Сонымен қатар, Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқан ондаған адамның тізімін жариялады.
Ал Мәскеуде ойран салған 11 лаңкес ұсталды,оның ішінде 4 адамның "Крокус Ситидегі" оқиғаға тікелей қатысы бар.
"Крокус Ситиде" ойран салған лаңкес шабуыл үшін оған шамамен 500 мың рубль уәде етілгенін айтты.