Бұған дейін әнші Наркенже Серікбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, қоғамға үлкен мәселе көтерген болатын.
Әнші бұл жолы қайта қайырылып, шындықты жайып салыпты.
"3 күннен бері болып жатқан жағдайлардан хабардарсыздар. Босқа жылап ұпай жинайтын мен емес. Көзімнен шыққан жас ол менің ішкі жанайқайым. Әлсіз жаратылыспын. Әлеуметтік желідегі әр түрлі айтылып жатқан сыни пікірлерді де, қолдау хаттарды да бірін қалдырмай оқып отырмын. Оқи отырып жүрегім қарс айрылардай күй кешкенім жасырын емес.
“Хайп үшін”, “неге аяғына дейін бармадың”, “жала жаптың”, “екі жүзділік” т.б деген сияқты пікірлерді де көріп көзімнің жасы көлдей болды. Мейлі. Көптің аузына қақпақ бола алмаймын. Әркімнің өз шындығы бар.
Бірақ бір нәрсе анық. Мен халықсыз ешкім емеспін! Елдің ішінен шықтым. Әкем де халық, анам да халық! Кеше Шымқалаға мен үшін уайымдап келген аға, әпкелерге, достарға рахмет! Тәкәппарлық қылмай, кешірім сұрап тұрса әкеңнің болса да құнын кеш деген қазақтай дана жұрттың жұрнағымыз ғой. Кісілік қылмай, кішілік танытайын дедім. Мақсатым аз қазақты алауыз қылу емес!
Бәрі уақыттың еншісінде… Қалғаны ішімде қала берсін….
Тыңдармандарым мен сіздерді жақсы көремін! Мен қолдап, қуаттап, қолпаштап отыратын еліме сенемін!" дейді әнші.