Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көзім ішіне кіріп, бас сүйегім сынған: Астаналық келіншек жантүршігерлік оқиғасын айтып берді

09:19, 25 шілде 2024 2327

Астана қаласының тұрғыны Алтынай Нұрсолтанованы бұрынғы күйеуі Әсет Аюпов балаларының көзінше өлімші етіп сабап тастаған. Бұл туралы жәбірленуші Massaget.kzтілшісіне айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Алтынайдың күйеуі оған бұған дейін де қол көтерген, бірақ жәбірленуші отбасын сақтап қалу үшін оны кешіріп келіпті. Ал қайғылы оқиға 2022 жылы 17-нен 18 наурызға қараған түні 2 және 1,3 жастағы екі ұлының көзінше болған. 

"Семейден менің құрбым келетін болды, мен онымен кездесу үшін Әсеттен рұқсат сұрадым. Ол жіберді, бірақ үйдің барлық тірлігін істеп, балаларды тамақтандырып, ұйықтатып кеткенімді қалады. Сонымен мен сағат түнгі 22:00 болуын күтіп, кенже ұлымды ұйықтаттым да, жиналып үйден шығып кеттім. 1 сағаттан кейін күйеуім бейнеқоңырау шалып, қайда екенімді сұрады да, қатты кешікпеуімді өтінді. Кездесуден кейін үйге келіп төсекке жатқаным сол еді, мені аяғымен итеріп жіберді. Осыдан кейін қайтадан ұрыс басталды, мен шыдай алмай, оның мұндай тірліктерінен әбден шаршағанымды жеткіздім. Екеуміздің айғайымыздан балалар оянды. Бір уақытта ол ұялы телефонынын диктофон қосып, бірден әңгімесін өзгертті. "Мен балаларға қарап, үйде отырамын, ал сен түннің ортасына дейін қаңғырып, келгеннен кейін маған дауыс көтересің" деп әдейі айтты. Мен бұл туралы тергеу барысында білдім. Содан мен де ішімде сақтай алмай "сен менімен тек ыңғайлы болғандықтан тұрып жатырсың, мен сені жұмысқа кіргіздім, менің көлігімді айдайсың, менің үйімде тұрдық" деп ауыр сөздер айттым да, қолымды бір сілтеп бөлмеден шығып жатыр едім, артымнан басымнан қатты доғал затпен соққы жасады. Соққыдан мен жерге құладым. Ал күйеуім бір соққымен шектелмей, бүкіл денемді тебе бастады. Мен "болды, болды" деп тұра алмай жатқанымда, жұдырығымен бетімнен, басымнан ұрды. Шамамен 35-40 соққы болды. Балалар жан дауысымен жылап жатыр, мен күйеуімнен мені жіберуін сұрап жылап жатырмын. Ішімнен "болды, өлген жерім осы шығар" деп ойладым, өйткені ол мені өте қатты және ұзақ уақыт бойы ұрып-соқты. Ол бір уақытта тоқтап, пәтерден шығып кетті. Ал мен есімді жия алмай, қан-қан болып, еденде жата бердім. Мүмкін, періштелердің көмегі шығар, жатқан жерімнен ұялы телефоныма дейін еңбектеп барып, анама қоңырау шалдым. Анама "жағдайым өте ауыр, өлейін деп жатырмын ба, білмеймін, Әсет мені ұрып тастады" дедім де есімнен танып қалдым. Анам бірден "102", "103" нөміріне қоңырау шалып, дабыл қаққан", - деді ол.

Күйеуі үйден шығып кеткеннен біршама уақыттан кейін оның туыстары баса-көктеп кірген. Бірақ олар Алтынайға көмектесуге асықпай, оның қан киімін ауыстырып, бетін жуып, жердегі кілемді тазалаған.

"Мен есімді жия алмай жатқан уақытта жедел-жәрдем мен полиция қызметкерінен бұрын күйеуімнің отбасы келеді. Бірі есімде қалса, бірі есімде жоқ, өйткені мен көзімді бір ашып, бір жұмып жаттым. Анасы есіктен кірде де "мұның не, ақымақ? Менің ұлымды түрмеге отырғызсың келе ме? Егер сен қазір өліп қалсаң, ол сотталады ғой, ақымақ!" деді. Енем мен қайын інім мені көтеріп, ваннаға апарып жатқызды да, салқын сумен бет-аузымдағы қанның бәрін жуды. Үстімнен қан-қан барлық киімді шешіп, ақ халат кигізіп, төсекке жатқызды. Әсет пен әкесі балаларды алып кетті. Бір уақытта бұрынғы енем күйеуіне "Айдар, тезірек кілемді жинап ал" деп айғайлады. Олар осылай үйдегі бар айғақтың көзін жоюға тырысты. Жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келген кезде олар есікті ашпай ұзақ жүрді. Құзырлы органдар шыдай алмай, дауыс көтерді. Жедел-жәрдем қызметкерлері менің халімді көріп шок болды, ал мен есімнен танып жатырмын. Күйеуімнің анасы оларға "мен де дәрігермін, оны ешқайда апарудың қажеті жоқ, өзім емдеймін" деп айтты. Ал олар "жоқ, жылдам басын тігу керек, басынан әлі де қан кетіп жатыр, әйтпесе ол өліп кетуі мүмкін" деп бас тартты. Мені жедел жәрдеммен Астанадағы №1 қалалық ауруханаға апарды, тексеру арқылы көптеген сынық анықтады. Соққылардың салдарынан сол бетімнің сүйегі толық сынып, майдаланып кеткен. Сүйектің майдаланғаны соншалық бас сүйегім сынып, сол көзім ішіне қарай кіріп кеткен. Сондай-ақ, бас сүйегім сынған", - деді ол.

Алтынай Нұрсолтанова бұрынғы күйеуіне әлдекімдердің көмектесіп отырғанын айтады.

"Қазір бұрынғы күйеуіме нақты кім көмектесіп отырғанын білмеймін, бірақ менің экс-енемнің құрбысының күйеуі Сенат депутаты болған. Ол кісі қайтыс болып кеткен, бірақ көзі тірісінде мәжілісте отырды. Менің анам Алматы қаласында судья болып жұмыс істейді, сенат мүшелері менің анамды жұмыстан шығарып жібергісі келген екен, сондықтан да мен олар Сенат мүшелерінің қорғауында деп ойлаймын", - дейді Алтынай Нұрсолтанова. 

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар