Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кореяда заңсыз жүргендерге тағы бір ескерту жасалды

11:23, 22 қаңтар 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін елден ерікті түрде шығуға мүмкіндік бар екенін еске салды. Бұл жағдайда оларға айыппұл салынбайды және Кореяға қайта кіруге тыйым қолданылмайды, деп жазады Alash.KZ.

Аталған бағдарлама қылмыс жасаған, мәжбүрлеп елден шығарылуға жататын, сондай-ақ 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін заңсыз мәртебе алған шетел азаматтарына қатысты қолданылмайды.

Бағдарлама аясында елден өз еркімен кету үшін жарамды төлқұжат, ерікті түрде шығу жөніндегі өтініш және әуе билеті болуы тиіс.

Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграциялық органдарына ұшу күніне 15-тен 3 күнге дейінгі аралықта берілуі қажет.

Министрлік шетелге шыққан қазақстандықтарды тек заңды жолмен жұмыс істеуге шақырды. Бұл заңсыз көші-қонға байланысты тәуекелдерден, елден шығарылу, айыппұл салу, құқықтық шектеулер мен еңбек қанауы секілді қауіптердің алдын алуға көмектеседі.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Әділет министрлігі ерікті түрде елге оралу бағдарламасының мерзімін ұзарту туралы келісімге келген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар