Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көп нәрсені дұрыс жасамаппын…»: Жазира Байырбекова көпшілікке жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

18:50, 27 шілде 2026

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірдегі өз ұстанымдары мен өткен күндеріне көз салып, сыр бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол тұрмыс құрған жылдары отағасынан материалдық дүние талап етпей, бос уақытын достарымен қыдыруға емес, тек шаңырағы мен шығармашылығына арнаған.

Сонымен қатар әнші отбасындағы маңызды қадамдарды жасауда әрдайым жұбайының пайымына сүйенгенін атап өтті.

«Ештеңе жазбай кеттіңіз ғой. Әдемі естеліктер жазып тұратын едіңіз» дейді көмекшілерім.

Ал жазайын ойымды.

Мен көп нәрсені дұрыс жасамаппын.

Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам, мен тым ыңғайлы әйел екенмін.

Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын. Қыздармен қыдырып, күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін.

Жұмысыма, отбасыма арнадым уақытымның бәрін.

Мынау әйелдің міндеті, мынау еркектің міндеті демей, ауырды да, жеңілді де бірге көтеріппін.

Өзімді бірінші орынға қоймай, күйеуімді бірінші орынға қойып, әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап, күйеуімнің қалауын ескеріппін. Әр нәрседе соңғы шешімді күйеуім шешкенін күтіппін.

Маған қаталдық көрсетіп, ренжіткендерді де құрметтеп, сыйлап, кешіріп, түсінуге тырысыппын.

Ойлана келе, қазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы осы күнге дейін бәрін дұрыс жасамағанымның нәтижесі сияқты.

Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама.

Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы.

Аллаға шүкір», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар