Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Контент үшін істеген: Алматыда блогер TikTok-та тікелей эфирде өзін жерге тірідей көміп тастады (ВИДЕО)

13:01, 03 қыркүйек 2025 185

Қазақстандық блогер TikTok-та қаралым үшін шектен тыс қадамға барып, өзін жерге тірідей көміп, сол жерден бір тәулік бойы тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның айтуынша, бұл әрекет тек "контент үшін" жасалған. Ол "адам мұндай жағдайда қанша уақыт шыдай алады?" дегенді тәжірибе жүзінде сынап көрмек болған. Алайда шоу қауіпті жағдайға айналып, қоғамда үлкен сынға ұшырады.

Желіде жылдам таралған видео оқырмандардан бөлек, құқық қорғау органдарының да назарын аударды. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын растады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар