Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді – Тоқаев

11:24, 10 маусым 2022 178

Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты.








"Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр", - деді Тоқаев.









Президент конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланғанын атап өтті. Айтуынша, дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ.




"Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік", - деп толықтырды мемлекет басшысы.




Оның айтуынша, Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді.



Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халыққа зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар