Премьер-министр Олжас Бектенов халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен үздіксіз қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
«Көмірді өндіру мен тасымалдаудан бастап оны халыққа сатуға дейінгі бүкіл жеткізу тізбегіне қатаң бақылау орнату қажет. Өңірлерде көмір тапшылығы мен бағаның негізсіз өсуіне жол берілмесін. Бұл үдеріске қатысушылардың барлығы өз жұмысын көмірмен қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы цифрлық платформа аясында ұйымдастыруға тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
Үкіметтің хабарлауынша, энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін өңірлерге әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекіту тапсырылды. Қазақстан темір жолы компаниясымен бірге бекітілген кестеге және көлемдерге сәйкес энергия нысандарына көмір мен мазутты уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдау жүктелді.