Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көлігіне отырғызып, зорлық көрсеткен»: Түркістан облыстық мәслихат депутатына ауыр айып тағылды

20:33, 27 шілде 2026

Шымкентте көлігімен қауіпті манёвр жасап танылған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев бұл жолы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілініп, үлкен дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны шағымданған.

Жәбірленушінің сөзінше, ол Қытай халық республикасынан келген төрт бірдей ықтимал инвесторды бастап Байжансай елді мекеніне сапарлаған. Қонақтарды күтіп алып, басқосуды ұйымдастырғандардың арасында халық қалаулысы Ерғали Аманбаев та болған.

Арыздан белгілі болғандай, кейіннен депутат 34 жастағы азаматшаны Lexus маркалы автокөлігіне отырғызып, оңашалау аумаққа алып барып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Бүгінгі таңда аталған сұмдық жайтқа байланысты құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар