Танымал әзілкеш, актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Шаншар театрының 30 жылдық мерейтойына арнайы шақыртылды, деп хабарлайды Alash.kz
“1001” түн бағдарламасына қонаққа келген әзілкеш 15 жылдық үзілістен кейін театрға қайта баруы туралы баяндап берді.
Оның айтуынша, халықтың ақ ықыласынан асқан керемет нәрсе жоқ.
”Ішімдегіні айта алмаймын. Қазір қатты жылап қаламын. Мен 15 жыл үзілістен кейін театрға келдім. Бірінші Шымкенттегі концертте мен күтпедім, екінші концертте қатты күттім халықтың қолдауын. Үшінші концертте дайын боп бардым. Залдағы барлық адамды қатты құшақтағым келді. 15 жыл бұрын бір-бірімізбен келіспей, ренжісіп, ара екіге бөлінді. Қазір қарасам, сол реніштер халықтың қошеметінің қасында түк емес екен. Араласпаймын, жек көремін деп жүргеннен не пайда? Уәкең екеуміз үш күннен бері бір-бірімізге қарасақ жылап қалардай боп жүрміз”,- деді ол.