Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кішкентай екендерін ескердік: Итті тірідей өртеген жасөспірімдерге жаза тағайындалды

19:18, 29 қазан 2024 541

Мұқыр ауданында итті тірідей өртеп жіберген жасөспірімдерге жаза тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жануардың өліміне әкеп соқтырған қатігездік үшін екеуіне 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Stan.kz мәліметінше, сот жеңілдететін мән-жай ретінде олардың шын жүректен өкінуін, жас екенін және соттылығының болмауын ескерген. Ал ауырлататын мән-жай жоқ дейді.

Жазда сотталушылар алдын ала сөз байласып, көшеде ит ұстап алып, бағанаға байлап алған. Олардың бірі оған бензин құйып, өртеп жіберсе, екіншісі жануарды темірмен бірнеше рет ұрған. 

Прокурор айыпталушыларға бас бостандығын алты айға шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Олардың бірі – 21 жаста, екіншісі 17 жаста.

Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкініп, жазасын жеңілдетуді сұрады. Істі қарау барысында сот айыпталушыларға тағылған айыптардан "көпшілікке немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін немесе онлайн платформаларды пайдалану" квалификациялық белгісін алып тастады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар