Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кімнің “қайыршы”, кімнің әкесі жоғын көрсетіп қояды: Балалардың аянышты түрін көрсетіп ақша жинайтын қорларда ұят бар ма өзі?

14:51, 13 қараша 2024 1229

Танымал адвокат Жанна Оразбақова жағдайы жоқ отбасыларға көмектесіп жүрген бірқатар қорларды сынап тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Smartnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

  «Асар-Уме» қайырымдылық қорына қатысты туған даудан кейін адвокат Жанна Оразбақова желідегі жеке парақшасында өз пікірін білдірді.

«Мен мектепте оқыған жылдары Жаңа жыл қарсаңында сыныпқа мұғалім кіріп, 30 баланың көзінше «Қайрат, Гауһар, Самат, Әйгерім, аналарың «әкесі жоқ» деген анықтама әкелсін. Ал Лаура мен Әсем, көпбалалы отбасы екені туралы анықтама әкеліңдер. Марат, сенің әкең маскүнем екен, сен де анықтама әкел. Жақын арада күртешелер мен етіктер таратылады, бәріңді жағдайы нашар отбасылар тізіміне қостық» дейтін.  Бір аптадан кейін барлығына арзан былғарыдан жасалған бірдей күртеше мен етік беріледі. Неге екені белгісіз, олар кімнің әкесі жоқ, кімнің мұқтаж екенін көрсетіп, бәрінің көзінше масқаралап беретін. Жақсы аяқкиімге ақшалары жетпеген болар, бірақ сол адамдар балалардың жан-дүниесіне өмірінің соңына дейін қалатын жара салып кетті», – деді адвокат.

Айтуынша, мұндай қайырымдылықтың кесірінен мектепте балалардың арасында алалау мен бөліну пайда болды.

«Оқу жылының басында мұқтаж жандардың тізімін жасап, «кім мұқтаж? Анықтама әкеліңдер! Тегін тамақтанасың!» дейтін. Асханада оларды тамақ қойылған бөлек дастарханға отырғызатын. Осылайша бүкіл мектепке кімнің «қайыршы» екенін, кімнің «әкесі жоқ» екенін көрсетіп қоятын», – деді Мұхамади. Ол мектеп бітіргеніне 20 жылға жуық уақыт өтсе де, қайырымдылық әлі осылай жасалады деп ашынды. Желіде жағдайы нашар отбасыны, баланың жылағанын, олардың нашар үйін жарияға жар салып көрсетіп, солай халықтан жылу жинайтын еріктілерді сынға алды. Олар «Міне, Қайрат пен Гауһардың отбасы, олардың 5 баласы бар, Қабанбай ауылындағы қираған уақытша лашықта тұрады», «Қане, балалардың бетін үлкен планда көрсетейік, қызы үй тапсырмасын орындап жатыр, ал ұлы жыртық шалбармен пеште ұйықтап жатыр. Видеоға драма қосайық, баланы соңына дейін ұялтайық» дейтіндей», – деді ол.

Жанна Мұхамади балалардың бетін желіде бұлдыратып беруді сұрады. Ол балалардың болашағын ойлау керек дейді.

«Балалар мектепке барады, олар әлі де бұл қоғамда ұзақ өмір сүреді. Оларда таңдау жоқ. Неге біз жақсылықты жай ғана адамгершілікпен жасай алмаймыз? Неге отбасыларды жұртқа паш етпей-ақ, жасырын көмектеспеске? Неге әр Жаңа Жылдың алдында осы балаларға арзан бір қорап кәмпит ұстатып, есеп үшін фотоға түсіру керек? Олардан «фотоға түскің келе ме?» деп сұрадыңдар ма өзі? Әр жылы 1 қыркүйекте бәріне бірдей рюкзакты бергенде, оны шынымен көмек үшін бересіңдер ме, әлде есеп фотоға түсіру үшін бе?», – деді Мұхамади.  

Ол халыққа есеп желіде фото арқылы емес, Excel бағдарламасында жасалатынын айтты. Сөзінше, мұндай желідегі жария етіп жасалатын қайырымдылықтың кесірінен балалар сөзге қалады, құрдастарының мазағына қалады.

«Балаларды бай-кедей, бақытты және бақытсыз деп бөлмейік! Балалар балалық шақтан ләззат алуы керек және оны өмірлеріндегі ең нашар уақыт ретінде есте сақтамауы керек. Бұларды олар кейін психологтың кабинетінде айтып отырмауы керек!», – деді адвокат. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар