Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Киевке “Трамптың адамы” бара жатыр - соғыс тоқтай ма, әлде өрши ме?

21:06, 11 шілде 2025 290

14 шілде күні Украина астанасы Киевке АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог іс-сапармен бармақшы. Саясаткер Украинада бір апта болады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Келлогтің дәл осы уақытта келуі бекер емес. Себебі Дүйсенбі күні Трамптың өзі Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты маңызды мәлімдеме жасауы мүмкін. Қандай мәлімдеме? Бұл сұраққа әзір ешкім нақты жауап бере алмай отыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Трамп әкімшілігі Украинаға бағытталған Patriot пен HIMARS сынды қару-жарақ жеткізілімдерін қайта бастау туралы шешімге келуі мүмкін. Бұған дейін бұл көмектер тоқтап тұрған еді.

Сарапшылар Келлог сапарын АҚШ-тың Украинадағы ұстанымын қайта қарау бастамасы деп бағалап отыр. Кездесу барысында Қырым, Донбасс, тіпті Киевке дейінгі шекаралық қауіпсіздік мәселелері көтерілуі мүмкін.

Желіде тараған болжамдарға сенсек, Трамп “соғысты тоқтатамын” деген үндеу жасауы ықтимал. Алайда, бұл үндек Украина мүддесіне сай бола ма, әлде Ресейдің сөзін сөйлейтін келісім бе? Ол жағы әзірге жұмбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар