Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Керемет: Абай ауданындағы толық бір ауыл арақтан бас тартты

09:12, 14 мамыр 2024 606

Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылы алкогольден толықтай бас тартқан, бұл туралы Alash.kz Polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңгірбай би ауылында халық саны 1000 адамға жуықтайды. Бүгінде елді-мекенде үш азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Спирттік сусындарға тыйым салынып қана қоймай, дүкен сөрелеріне қоюға бас тартылыпты. 

Мұндай бастаманы көтерген ауыл жастары екен. Кейін оны ауыл ақсақалдары, әкімдік пен полиция қолдаған.  

Айта кету керек бұл ауылда соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Алкогольді ішімдіктен бас тартқан соң бұл үрдіс жалғасады деп сенеді ауыл тұрғындары.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар