Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кентауда жантүршігерлік жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты

10:17, 04 ақпан 2025 247

3 ақпанда Түркістан облысында Кентау – Түркістан тасжолының бесінші шақырымында екі Audiмаркалы автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

“Жол апаты салдарынан алты адам қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған төрт адам Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар