Қазақ музыка өнерінің шоқ жұлдызы МузАРТ тобының белгілі әншісі Кенжебек Жанәбіловтің жүрегіне ота жасалды, деп жазады Alash.KZ
Бұл туралы өнер тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Кенжебектің отадан кейінгі суретін жариялап, операцияның сәтті болғанын айтты.
"Ассалаумағалайкум, асылдарым! Тілектес, ниеттес болғандарыңызға мың алғыс! Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, 4 сағатқа созылған ем шара сәтті өтті. АЛЛА тағала шипа берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рахмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін. Сіздер де ауырмаңыздар" деп жазды аға досы Сәкен Майғазиев.