Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кеңінен қолдау тауып жатыр»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар үшін өте маңызды бастама көтерді (ВИДЕО)

18:18, 08 шілде 2026

Оқу-ағарту министрлігі бастауыш мектеп оқушылары үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүйелерін толықтай алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Alash.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бастауыш сыныптардағы басты мақсат баланы түрлі сынақтармен күйзеліске түсіру емес, оның білімге деген құштарлығын ояту екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ведомство мұғалімнің баланың оқу қарқынын, мәтінді ұғыну деңгейін және тақырыпты меңгеруін күнделікті бақылайтын формативті бағалау жүйесін сақтап қалмақ, алайда әр тоқсан мен бөлім соңындағы жиынтық емтихандардың тиімділігі қайта тексерілуде. Бұл реформаның екінші бір маңызды себебі — бастауыш сынып мұғалімдерінің қағаз бастылықтан көз ашпай, шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуі болып отыр. Осы маңызды жаңашылдықты алдағы тамыз кеңесінде кең көлемде талқылауды жоспарлап отырған министр барша педагогтер мен ата-аналар қауымын бұл мәселеге қатысты өз ойларын ашық білдіруге шақырды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру жүйесіндегі бұл өзгерістердің мән-жайын түсіндіре келе, былай деп мәлімдеді:

«Біздің бастауыштан БЖБ, ТЖБ сияқты суммативті бағалау әдісін бастауыштан алып тастау туралы ұсынысымыз кеңінен қолдау тауып, талқыланып жатқаны маған жақсы әсер қалдырды. Қазіргі таңда әлемде бастауыш білім беру жүйесі дәл біздегідей кеңінен қолданылмайды. Бізде 2-сыныптан бастап БЖБ, ТЖБ арқылы балалар бағаланады. Ал бастауыш кезең – баланың мектепке, оқуға және қарым-қатынасқа бейімделетін ең маңызды уақыт. Сондықтан бүгінгі таңда біз бастауыштағы барлық пәндердегі БЖБ немесе ТЖБ-ны алып тастау мәселесін кеңінен талқылаудамыз. Бұған себеп болып тұрған тағы бір дүние бар. Бастауыштағы сабақ беретін мұғалімдеріміз осы барлық пәндерде БЖБ, ТЖБ жазып, солардың бәрін тексерген кезде мыңдаған парақтарды отырып тексереді. Яғни, бұл мұғалімдеріміздің шамадан тыс жүктемесіне алып келеді. Бұл уақытта мұғалімдер балдармен академиялық жұмыс істейтін еді. Сондықтан бұл дүниені тереңірек зерделеудеміз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар