Зимбабведе көлде кеме аударылып, кемінде 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Зимбабведегі Кариба көлінде жолаушылар мінген кеме аударылып, кемінде 15 адам қаза тапты. Тағы 75 адам хабар-ошарсыз кеткен.
ZBC News мәліметінше, кемеде барлығы 90 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Полиция оқиғаға байланысты құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаға қатысты толық ақпарат кейінірек жарияланады», — деді полиция өкілдері.
Қазіргі таңда жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.