Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Келіспесеңдер - соңы жақсылыққа апармайды". Лукашенко украиндарды "үрейлендіріп", Кремльдің сөзін сөйледі

13:34, 27 қыркүйек 2025 106

Путинмен бес сағаттық келіссөздерден кейін Александр Лукашенко Украинадағы соғыс туралы айтып, Владимир Зеленскийді Кремльдің "тиімді" ұсынысын қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

- Кремльде өте жақсы ұсыныс бар. Егер украиндар бұл ұсыныстарды құп көрмесе,  о бастағыдан да жаман болады. Олар Украинадан айырылады. Сондықтан, бүкіл Украинаны жоғалтпау үшін ол жай сөйлесіп қана қоймай, оған қолайлы жағдайларға келісуі керек, - деп айтты Лукашенко. 

Ол сондай-ақ Зеленскиймен өзі сөйлескісі келетінін мәлімдеді:

Мен онымен жай сөйлескім келеді. Менің оған айтатын сөзім бар. Менің ойымша, біз оған кеңес беруіміз керек, - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар