Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде қайғылы жағдай болды. Үйленіп жатқан жігіттің той үстінде әкесі қайтыс болды, деп жазды Alash.kz.
Бұл туралы ақпарат aqtobe.today инстаграм парақшасында жарияланған. Той үстінде болған қайғылы жағдай жайлы видеоны күйеу жігіттің қарындасы бөліскен.
Желі қолданушылары болған жайға қатысты әр түрлі пікір білдіріп жатыр:
«Келіннен көруге болмайды... Алла қалай жазады, солай болады», «Өте өкінішті, әке баға жетпес жан ғой», «Баласының тойын күткен ғой», - деп жазды олар.