Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Келіні қайын атасынан бала туды: Күйеуінің әкесі әйелді бір жыл бойы зорлап келген

18:10, 27 тамыз 2025 22

Қырғызстанда жантүршігерлік оқиға тіркелді. 20 жастағы жас әйелді күйеуінің әкесі бір жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Омбудсмен Джамиля Джаманбаева жәбірленушімен кездесіп, жағдайдың мән-жайын анықтады. Белгілі болғандай, қайын атасы келініне ұзақ уақыт қысым көрсетіп, зорлық жасаған. Бұл жайтты үйдегі әйел – күйеуінің өгей анасы білгенімен, ешқандай әрекет жасамаған.

Жас келін сәуірдің 11-інде қайын атасынан жүкті болып, сәбиін дүниеге әкелген. Бірақ арада екі апта өтпей жатып, ол қайтадан зорлық пен қоқан-лоқыға тап болған. Қыз-келіншек болған жайтты күйеуіне тек мамыр айында айтқан. Жас жігіт әкесімен жанжалдасқанымен, 51 жастағы И.Э. өз ұлын ұрып-соққан. Кейін ол баласын және келінін мәжбүрлі жұмысқа жіберіп, артынан олар Ыстықкөл аймағына қашуға мәжбүр болған. Дегенмен нәресте қайын атасының қолында қалған.

Ыстықкөлде өзге адамдардың көмегімен ерлі-зайыптылар полицияға арыз түсірген. Кейін іс Бішкектегі Ленин аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Шілденің соңында ресми түрде зорлау дерегі бойынша арыз жазылған.

Құқық қорғау органдары Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 154-бабы ("Зорлау") негізінде қылмыстық іс қозғап, күдікті 16 тамызда ұсталды.

Алайда ең ауыр жағдай – нәрестенің тағдыры болды. Жас жұп баласын қайтарып алу үшін дағдарыс орталығына жүгінгенде, сәби әбден әлсіреген болып шыққан. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жеткізгенімен, көп ұзамай шетінеп кеткен.

Омбудсмен институтының мәліметінше, Джамиля Джаманбаева жас отбасыға заңгерлік, психологиялық және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін тиісті мекемелерге ресми хат жолдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар