Бүгін өрт сөндірушілер өрт кезінде 5 адамды құтқарды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бүгін таңертең Байзақ ауданы Бурыл ауылында 2 қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйде 10 ш. м. алаңды қамтыған өрт шығып, үй тұрғындарын көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған қалың түтін пайда болды.
«Өрт сөндірушілер барлау кезінде кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы ашық ауаға шығарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада.