Келесі жылдан бастап Алматыда ескі көлік тізгіндегендер қалаға кіру үшін қосымша ақы төлейтін болады, деп жазады Alash.kz.
Ал су жаңа техникалар мен электрлі көлік иелері үшін жол жүру тегін болады.
Бүгінде алып шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту үшін және кептелісті азайту үшін 2025-2027 жылдарға арналған бағдарлама әзірленген.
"Қазақстан" ұлттық арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, жоспар бойынша алғашқы шектеулер келесі жылдың соңына қарай енгізіле бастайтын көрінеді.