Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспий теңізінің жағалауы бойындағы жерлер мемлекетке қайтарылды

11:05, 01 ақпан 2024 327
Маңғыстау облыстық прокуратурасы тұрақты негізде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау мақсатында талдау жүргізуде.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд. теңге, ауданы 696,8 га құрайтын 3 учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.

Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың  61 дерегі анықталды.

Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20% - ға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.

Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар