Қазақстанға Ресейден Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікті жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметіне сәйкес, қанды қылмыс қаржылық келіспеушіліктен туындаған қақтығыс барысында жасалған. Ағымдағы жылдың 21 ақпанында зардап шеккен тұлға жұмысқа кеткеннен кейін байланысқа шықпай, із-түссіз жоғалған деп жарияланған. Тергеу барысында сол күні кәсіпкер күдіктімен оның үйінің ауласында кездескені анықталды. Келіссөз кезінде жанжал туындап, күдікті кәсіпкерге 22 пышақ жарақатын кеуде мен бет аймақтарына салған. Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.
Қылмыстан кейін күдікті марқұмның денесін көлігінде жасырған, содан соң Қазақстаннан тысқары кетіп, Ресей аумағына шыққан. Наурыз айында оны Ресей полициясы ұстады.
Қазір күдікті Қазақстанға жеткізілген және оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыс туралы толық ақпарат тергеу қорытындысы бойынша жарияланады.