Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәрім Көкірекбаев пара алып жатқанда ұсталды

11:33, 28 желтоқсан 2022 288
«BAZIS CONSTRUCTION-INFR» ЖШС филиалының директоры шамамен 800 мың доллар көлемінде парамен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Казселзащита» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев «BAZIS CONSTRUCTION-INFR» ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден пара алу кезінде ұсталды. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әзірге жауапты органдар ресми түсініктеме берген жоқ.

65 жастағы Көкірекбаев бұған дейін әртүрлі қызметтерді атқарғанын еске саламыз – ол табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрҚазақстанТур» ЖШС бас директоры, тасымалдау процесі жөніндегі басқарушы директор және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері болып қызмет атқарған. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігін басқарған. Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаевтың дипломатиялық мәртебесі де бар – ол бір жарым жыл Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болды.

Кәрім Нәсбекұлы қазіргі қызметіне 2019 жылдың тамыз айында тағайындалған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар